Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында жезөкшелердің үш притоны жабылды

Опубликовано:

жезөкше
Көрнекі фото: azattyq-ruhy.kz

Жамбыл облысында полицейлер жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притонды жапты. "STOP-трафик" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 10-14 қараша аралығында рейд жүргізілген деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Тараз қаласының Төле би көшесіндегі сауықтыру кешенінде полицейлер жезөкшелікпен айналысатын притонды ұйымдастырумен және ұстаумен айналысқан 46 жастағы әйел адамды ұсталды.

Бөлтірік-Шешен көшесіндегі тағы бір сауықтыру кешенінде осыған ұқсас қылмысы үшін Тараз қаласының 42 жастағы тұрғыны қамауға алынған.

Аталған деректер бойынша ҚР ҚК-нің 309-бабы 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталғандар кінәсін мойындаған.

Сондай-ақ, 45 адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы 1-бөлігі бойынша үш әкімшілік құқық бұзушылық анықталды (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар беру).

"Жеңгетайлық” санаты бойынша үш адам және жезөкшелікпен айналысқаны үшін төрт әйел профилактикалық есепке қойылған.

Еске сала кетсек, кеше, 18 қарашада Тараздағы сауықтыру кешенінен жезөкшелер притоны анықталғанын жазған едік.

Сонымен бірге Нұр-Сұлтан полицейлері де төрт сутенер мен интимді қызмет ұсынатын 36 бойжеткенді қолға түсірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1885473-zambyl-oblysynda-zezkselerdi-s-pritony-zabyldy/

pixel