Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда 14 желтоқсаннан бастап локдаун енгізіле ме: Ресми жауап жарияланды

Опубликовано:

Көшеде маска таққан адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстандықтар мессенджерлерде ел аймақтарында 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блок-бекеттер қойылатыны туралы ақпаратпен бөлісуде деп жазады Stopfake.kz.

Хабарлама премьер-министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған құжаттың фотосуреті немесе скриншоты түрінде ұсынылған.

"Құжатта" 14 желтоқсаннан бастап ел аумағында карантин күшейіп, қалаларға блок-бекеттер қойылатыны туралы жазылған.

Ақпаратты премьер-министрдің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті – фейк. Қазақстанның аймақтары мен қалаларында блокбекеттер орнатып, 14 желтоқсаннан бастап қозғалысты шектей отырып, қатаң локдаун енгізу жоспарда жоқ. Қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жалған ақпарат
Фото: stopfake.kz

Айта кету керек, бұл елімізде локдаун енгізілетіні туралы бірінші фейк ақпарат емес. Бұған дейін WhatsApp мессенджерінде алдағы уақытта Қазақстанның аумағында екі апталық локдаун енгізілетіні туралы хабарлама тараған болатын. Онда, тіпті азық-түлік дүкендері де жабылып, дәріханалар ғана бұрынғы режимде жұмыс істейтіні айтылған. Сол кезде де бұл жалған ақпарат болып шыққан еді.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте 777 қазақстандықтан коронавирус анықталды. Ел бойынша ауру жұқтырғандардың жалпы саны 139 159-ға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888806-kazakstanda-14-zeltoksannan-bastap-lokdaun-engizile-me-resmi-zauap-zarialandy/

pixel