Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыр елі үш дүркін «Алтын Домбыра» иеленген Мұхтар Ниязовты құрметке бөледі

Опубликовано:

Фото
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Бүгін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Елорда төріндегі дүбірлі дода, айтыс аламанында «Алтын домбыраны» үшінші мәрте қанжығалап, туған жерге келген Сыр саңлағы Мұхтар Ниязовты қабылдап, мерейлі жеңісімен құттықтады.

Әрдайым мерейіңіз үстем болып, шығармашылық шабытыңыз шарықтай берсін деп ізгі лебізін білдірген қала әкімі қазаққа осындай азамат сыйлап, қанатын қомдап, қолдап отыратын ата-анасына ақынға берген өнегелі тәрбиесі мен өрелі ақыл-кеңестері үшін ерекше ризашылығын жеткізді.

Фото
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Өз кезегінде айтыскер ақын қызметтегі міндетін алға тартып, талантына тұсау салмай өнердегі қадамына қолдау білдірген қала басшысына, әріптестеріне, барша жерлестеріне алғаусыз алғысын айтты. Бұл менің ғана емес барша Сыр жұртшылығының жеңісі деген Сыр саңлағы «Алғаш «Алтын домбыраны» иеленгенімде, түбінде бұл жүлде Қызылорданың музейінен орын алатын болады деп өзіме уәде бергенім есімде. Шамам келгенше тырыстым. Осы уақытта маған қолдау білдірген жерлестеріме алғыс білдіремін» - деді.

Айтулы аламанда аймақ абыройын асырып, мерей-мәртебесі биік болған ақынға шаһар басшысы құрметпен «Құттықтауын» табыстап, қазақтың ұлттық аспабы «Домбыраны» сыйға тартты.

Фото
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Айта кетейік, бүгін таңертең Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Абай тағылымы – Тәуелсіздіктің тірегі» атты республикалық ақындар аламынында топ жарып, үшінші мәрте «Алтын домбыра» иегері атанған Мұхтар Ниязовты жерлестері «Қорқыт ата» әуежайынан зор қошеметпен күтіп алған болатын.

Фото
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Қазақ баласының рухани құбыласы дана Абайдың өмірі мен өнегесін жырға қосқан дүлдүлдер додасында от ауыз, орақ тілді кіл жүйріктер арасынан үздік шығып, дара ойын кестелі сөзбен көркем жеткізген айтыстың ақтаңгеріне Сыр халқы аймақ абыройын асқақтатып, мерейін тасытқаны үшін алғыс айтып, айтулы жеңісімен құттықтады.

Фото
Фото: Қызылорда қаласы әкімдігінің

Алтын домбыра айтысында үшінші мәрте үздік шыққан ақтаңгер бұған дейін 2012 және 2016 жылдары топ жарып, кіл жүйрікте шын жүйрік екенін дәлелдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888862-syr-eli-s-drkin-altyn-dombyra-ielengen-mhtar-niazovty-krmetke-bledi/

pixel