Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемен әкімдігі төрт млн теңгеге 237 мың қаламды не үшін сатып алмақ

Опубликовано:

Қалам
Көрнекі фото: pxhere.com

Әлеуметтік желі қолданушылары Өскемен әкімдігі 4 миллион теңгеден астам теңгеге 237 мың қарапайым шарикті қалам сатып алу үшін тендер жариялады деген жаңалықты қызу талқылап жатыр. Жағдайға қатысты қалалық әкімдік түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бір қаламның бағасы - 17 теңге. Тендерді тараздық фирма ұтып алған.

Конкурс туралы ақпарат Instagram желісіндегі efir.kefir парақшасында пайда болған. Осыдан кейін желідегілер мемлекеттік қызметкерлер электронды жұмыс форматына көшсе, әкімдікке осыншама қаламның не керегі бар екенін түсіне алмай дал болды.

Статистика комитетінің дерегінше, Өскеменде 326 мың тұрғын бар. Демек, тұрғындардың басым бөлігі қатысатын іс-шараға осыншама қалам керек болады.

Қалалық әкімдік бұл жазу құралының не себепті керек болғанын түсіндірді.

"Орталық сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша, арнайы сайлау үшін біз әрбір ықтимал сайлаушыға шарикті қалам сатып аламыз. Күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, адам сайлау учаскесіне келген кезде ешкім қолданбаған қаламды пайдалана алуы үшін. Сондай-ақ учаскелерді санитайзерлермен және маскалармен қамтамасыз етеміз", - деді ведомство.

Еске салсақ, әлеуметтік желіде Өскемен әкімі Жақсылық Омардың жазған хаты қызу талқыланған еді. Қала басшысы оқиғаға қатысты пікір білдірген болатын.

Кейінірек, Жақсылық Омардың кеңесшісі Өскемен қаласының әкімі мен белсендінің арасындағы хат-хабар оқиғасы татуласумен аяқталғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888948-skemen-kimdigi-trt-mln-tegege-237-my-kalamdy-ne-sin-satyp-almak/

pixel