Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

«Ел Үміті» бастамасының 2020 жылғы қорытындысы шығарылды

Опубликовано:

Елбасы Академиясы
Фото: Елбасы Академиясы

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ел Үміті» бастамасы 2019 жылдың қараша айында қолға алынды. Оның аясында қабілетті балалар мен жастарды қолдау және дамыту үшін бірқатар білім беру жобалар әзірленді. Бүгінде оларға 350 мыңнан астам адам қатысты.

Ең жарқын және маңызды жобалар:

1. Ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасы

«Мың бала» - ұлттық бірегей жоба. Олимпиада ауылдық жерлердегі қабілетті балаларды қолдауға және дамытуға бағытталған. Оған 5-ші және 6-сынып оқушылары қатысады.

Бір жылдың ішінде жобаға 4266 ауыл мектебінен 295 мың оқушы тартылды. Олимпиаданың бірінші кезеңі сырттай өтті және 6 пән бойынша академиялық үлгерім бағаланды. Екінші кезеңде күндізгі форматта функционалдық сауаттылық және абстрактілі-логикалық ойлау дағдылары бағаланды.

Олимпиада қорытындысы бойынша 1000 жеңімпаз анықталды, 338 оқушы Дарын, РФММ, БИЛ мамандандырылған мектептерінде оқуын жалғастыруда. Елбасы академиясының «Birge Oqý» онлайн мектебінде 2 мың финалист білім алуда.

2. Еліміздегі ең ауқымды «Елбасы медалі» челленджі

Елбасы Академиясы
Фото: Елбасы Академиясы

«Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.

Оған қатысқан жастар өз уақыттарын басқаруды, мақсаттар қоюды және оларға қолжеткізуді, салауатты өмір салтын ұстану мен өзін-өзі дамытуды үйренеді.

2020 жылы «Елбасы медалі» 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды. Алғашқы мың қатысушы 2020 жылдың желтоқсанында қола медальға ие болады. Ол білім беру гранттарын заңда белгіленген тәртіппен үлестіру кезінде артықшылық береді.

3. Салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасы

Елбасы Академиясы
Фото: Елбасы Академиясы

Бағдарламаны Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ҚР Үкіметімен бірлесіп жүзеге асырылуда. Басты мақсат - салалық кәсіпқойларды іздеу және экономиканың 11 саласындағы өзгерістерді басқару көшбасшылары ретінде одан әрі даярлау.

Жобаға мемлекеттік секторда да, жеке секторда да жұмыс істейтін, практикалық тәжірибесі, кәсіби білімі және мемлекеттің өркендеуіне жеке үлес қосуға ниеті бар қазақстандықтар қатысады.

3 мың үміткердің ішінен 230 қатысушы іріктеліп алынды, олар сауда және логистика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, су ресурстары, өңірлік даму және қалаларды басқару, туризм, мәдениет және спорт, білім беру, денсаулық сақтау, медиа индустрия, геологиялық барлау салаларында 37 міндет бойынша жұмыстар жүргізуде.

Сарапшылар командалары әзірлеген бағдарламалар одан әрі іске асыру мақсатында ҚР Үкіметіне таныстырылды.

4. «El Maqtanyshy» сыйлығы

Елбасы
Фото: Елбасы Академиясы

«El Maqtanyshy» сыйлығы - мектеп оқушылары мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлеріне арналған ең беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындар алғаны үшін ақшалай көтермелеу. Бұл тәжірибе Қазақстанда алғаш рет енгізіліп отыр. Ол балалар мен педагогтарды олимпиадалық қозғалысқа қатысуға ынталандырады.

Халықаралық біріншілікте алтын медаль алғаны үшін жүлдегер мен жаттықтырушыға 2 млн теңге мөлшерінде сертификат табысталады. Күміс медаль үшін - 1 млн теңге, қола медаль үшін - 500 мың теңге. 2019 жылы 20 жүлдегер және 25 жаттықтырушы марапатталды. 2020 жылы 11 жүлдегер және 20 жаттықтырушы сыйға ие болады деп күтілуде.

5. «Birge Oqý»

«Birge Oqý» - оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған қашықтан оқыту әлеміндегі навигатор.

Жоба кәсіптік қауымдастықты, қашықтан оқыту бойынша педагогтарға арналған «Цифрлық ментор» курстарынан және ауыл оқушыларына арналған онлайн мектептен тұрады.

«Birge oqý» пікірталас алаңының 13 мыңнан астам жазылушысы бар. Қашықтан оқыту тақырыбында 55 эфир өткізіліп, 94 бейнесабақ жазылды.

Педагогикалық жоғары оқу орындарының 3 мыңнан астам мұғалімі мен студенті «Цифрлық ментор» тегін оқыту курсынан өтті.

«Birge Oqý» онлайн мектебі ауыл мектептерінің 2 мың оқушысына академиялық қолдау көрсетеді. Оқушыларға НЗМ, РФММ, БИЛ мектептерінің жетекші мұғалімдері негізгі пәндер бойынша онлайн - сабақтар өткізеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889017-el-miti-bastamasyny-2020-zylgy-korytyndysy-sygaryldy/

pixel