Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында оңай жолмен ақша тапқысы келген ғашықтардың қылмысы әшкере болды

Опубликовано:

42500
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Қалиев

Түркістан облысының полицейлері интернет-алаяқтықпен айналысқан ғашықтарды ұстады деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның мәлметінше, 10 желтоқсанда Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған.

Қала тұрғынының айтуынша, оған ұялы телефон арқылы коллекторлар хабарласқан. Осылайша белгісіз адамдар ер адамның жеке деректерін пайдаланып, оның атынан 2020 жылдың ақпан айында онлайн-несие алған болып шықты.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Сол күні полицияға тағы бес жергілікті тұрғын дәл осындай арызбен жүгініп, көмек сұраған.

Полицейлер алаяқтардың жеке басын анықтау үшін барлық қажетті іздестіру шараларын жүргізген. Нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктілердің ізіне түсіп, ұстаған.

Олар екі жергілікті тұрғын яғни жігіт пен оның сүйіктісі болып шықты. Ғашық жұптар осылай жеңіл жолмен ақша таппақ болғандарын мойындаған.

Қазіргі уақытта тергеушілер сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Полиция бұл жұптың алаяқтықтан зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды қырағы болуға және жеке деректерін ешкімге бермеуге кеңес беріп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін павлодарлық азаматтың алаяқтық әрекеттерінің салдарынан еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ден астам азамат зардап шеккен хабарлаған едік.

Сонымен қатар ақтөбелік тұрғынды "Ресейден асыл тұқымды ірі қара мал әкелемін" деп алдаған қарағандылық тұрғынның ұсталғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889082-trkistan-oblysynda-oaj-zolmen-aksa-tapkysy-kelgen-gasyktardy-kylmysy-skere-boldy/

pixel