Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысының санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 26 қарашадағы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжат12 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

  • Азық-түлік, бірінші кезекте қажетті тауарлар, дәрі-дәрмек және медицина бұйымдарын сатып алу; шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, барлық тұрғындарға, әсіресе 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйінен сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін шықпауға ұсынылады.
  • белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шараларды өткізбей,келушілердің санын 30 пайыздан асырмай, діни объектілердің (мешіт, шіркеу, собор, синагога және т.б.) қызметіне рұқсат беріледі;
  • мәдениет объектілерінің (келушілердің санын 30 пайыздан асырмай, жеке, топпен репетиция) кітапханалардың, мұражайлардың қызметіне рұқсат беріледі;
  • қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының қозғалысы, қалааралық автобус, шағын автобус тасымалы жандандырылсын. 300 км-ден аспайтын қашықтықтағы облысаралық тасымалға рұқсат берілсін. Отыратын орын саны 75 пайыздан аспайтын, бірақ 15 адамнан асырмай жиі жүрмейтін қалалық тасымалдарға рұқсат беріледі;
  • келушілердің санын 30 пайыздан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақталған жағдайда бекітілген кесте бойынша санитариялық күн өткізе отырып, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер жұмыс тәртібі сағат 07.00–ден 22.00-ге дейін шектеледі; • (отбасы мүшелерін қоспағанда, 2 адамнан артық емес) такси қызметінің жұмыс тәртібі сағат 23:00-ден 06.00-ге дейін шектеледі.

Қаулы мәтінімен толығырақ сілтемеге өтіп, танысуға болады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте елімізде COVID-19 жұқтырудың шарықтау шегі қашан болатынын болжаған еді.

Ерлан Қиясов қазіргі уақытта Қазақстан коронавирус бойынша "жасыл" аймақта тұрғанын атап өтті.

"Пессимистік болжамға сүйенсек, коронавирусты жұқтырудың шарықтау шегі қаңтардың соңы мен ақпанға келуі мүмкін", - дейді ол.

Сонымен қатар еліміздің бас санитар дәрігері жаңа жылда елде қосымша шектеулер енгізілмейтінін, тек қазіргі шектеулер сақталатынын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889101-akmola-oblysyny-sanitarlyk-drigerini-kaulysyna-zgerister-engizildi/

pixel