Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде Жаңа жылда жаңа шектеулер енгізіле ме

Опубликовано:

Жаңа жыл ойыншықтары мен бенгал шамы
Фото: ny.4banket.ru

Қазақстанның бас санитар дәрігері Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте елде Тәуелсіздік пен Жаңа жыл мерекесіне байланысты жеке санитарлық шектеу шараларын енгізу жоспарда жоқ екенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қосымша шектеулер енгізілмейді, тек қазіргі шектеулер қалады", - дейді еліміздің бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов.

Ол қалаларда шектеу шаралары олардың "қызыл", "сары" және "жасыл" аймақта орналасуына байланысты қабылданатынын айтты.

Бас санитар дәрігер жеке мерекелік қаулы шығаруды жоспарлап отырмағанын да атап өтті.

"Көбісі Жаңа жылды үлкен ұжымдарда емес, үйде жанұяңмен қарсы алу туралы ұсынысты қабылдағысы келмейді. Аталған шараларға санитар дәрігердің қаулысына сәйкес тыйым салынған. Бірақ, заңсыз іс-шараларды тексеретін мониторингтік топтар жұмыс істейді. Жеке қаулы болмайды, барлығы бұрынғы алгоритм бойынша жұмыс істейді. Шектеулер өңірдің қай аймақта екеніне байланысты болады", - дейді Ерлан Қиясов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордада жаңажылдық, ұжымдық кештерді ұйымдастыруға тыйым салынатынын бұл үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салған еді.

Көлгіновтің сөзінше, жаңа жылда жаппай серуендеуге де рұқсат жоқ.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы әкімі Ғали Есқалиев та коронавирус жағдайы жақсармайынша ешқандай мерекелік шара өтпейтінін айтқан болатын.

Айта кеткен жөн, елдегі ірі компаниялар да жаңажылдық кеш өткізбейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1888638-elimizde-zaa-zylda-zaa-sekteuler-engizile-me/

pixel