Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"30 млн теңге": Қостанай облысында әуежайды сатылымға шығарған

Опубликовано:

Әуежай
Фото: OLX сайтынан

Ғаламтор кеңістігінде Арқалық қаласындағы әуежайды сату туралы хабарландыру пайда болған. Жазбаның авторы әуежайды 30 млн теңгеге бағалаған.

Хабарландыру осыдан бірер күн бұрын ғана OLX сайтында жарияланған. Автордың айтуынша, әуежай аумағында бірнеше ғимарат пен ұшу жолағы бар. Хабарландыруда жер телімін фазенда ретінде пайдалануға болатыны жазылған.

Хабарландыру
Скриншот: OLX сайтынан

"ТоболИнфо" басылымының хабарлауынша, желіде мұндай хабарландырудың пайда болғаны аудан тұрғындары арасында үлкен резонанс тудырған.

Жергілікті халықтың басым көпшілігі аталмыш жер телімі әлі де ұшақтардың ұшуы үшін жарамды болуы мүмкін екенін алға тартты.

"Арқалық қаласының өзге өңірлермен байланысын нығайту аса маңызды. Туризм мен кәсіпкерлікті дамытумақсатында жалпы авиацияны, оның ішінде кіші авиацияны барынша дамытқан жөн" , - деп есептейді жергілікті тұрғындар.
Әуежай
Фото: OLX сайтынан

Басылымның хабарлауынша, өңір әкімі бұған дейін әуежайдың жекеменшікке өтіп кеткенін мәлімдеген.

Сонымен қатар, басылымның ақпаратына сәйкес, жергілікті халық өңір әкімінің есеп беру кездесуінде аталмыш мәселені көтеріп, Арқалықтан Қостанай мен Нұр-Сұлтанға әуе рейстерін ұйымдастыруды өтінген болатын.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан әуежайынан 1,7 млрд ұрлануына байланысты қылмыстық іске қатысы барларға сот үкімі шығарылды. Экс-қызметкерлер ұзақ мерзімге сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889177-30-mln-tege-kostanaj-oblysynda-uezajdy-satylymga-sygargan/

pixel