Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызылорда–Жезқазған" тас жолында 12 тонналық газ цистернасы жарылуға шақ қалды

Опубликовано:

Жарылуға шақ қалды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Қызылорда облысының құтқарушылары ірі газ жарылысының алдын алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Төтенше жағдайлар жөніндегі ведомство өкілдерінің хабарлауынша, құтқарушыларға 13 желтоқсан күні таңғы сағат 6:27-де "Қызылорда–Жезқазған" тас жолының бойында жүк көлігінің жанып жатқаны туралы қоңырау түскен.

"Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы оқиға орнына дереу жетті. Ол жерде "Азимут" ЖШС-не тиесілі пропан тиелген 12 тонналық MAN көлігінің алдыңғы бөлігі өртеніп жатқаны анықталды", – делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер оқиға орнында жедел әрі үйлесімді әрекет етіп, таңғы сағат 7-де тілсіз жау толық сөндірілді.

Осылайша, өрт сөндірушілер Шымкенттен Ақшабұлақ кен орнына бара жатқан жүк көлігіне тіркелген 12 тонналық цистерна жарылысының алдын алды.

Апат салдарынан ешкім зардап шегіп, жарақат алған жоқ. Тиісті сала мамандары өрттің шығу себебі мен шығын көлемін анықтап жатыр.

Айта кетейік, оңтүстік астанада "Медина" атты спорттық кешен өртке оранды. Анықталғандай, өрт оқиғасы бүгін сағат таңғы 07: 55 шамасында Әуезов ауданындағы Яссауи көшесінде орналасқан спорт кешенінде орын алған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, оңтүстік астана ТЖД күштері өрт жайлы ақпарат келіп түскен бойда бірден оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар оқиға орнына келіп жеткен соң, "Медина" атты бір қабатты спорт кешенінің жаттығу залы өртке оранғанын аңғарған. Жалынның жақын орналасқан өзге әкімшілік ғимараттарға көшу қаупі төнді.

Спорт кешеніндегі жалын толығымен сағат 08.53 шамасында сөндірілді. Өрттің таралу аумағы 1000 шаршы метрді құрады. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889202-kyzylorda-zezkazgan-tas-zolynda-12-tonnalyk-gaz-cisternasy-zaryluga-sak-kaldy/

pixel