Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімі өлген жоқ": Асхат Садырбай марқұм Бейсен Құранбекті есіне алды

Жарияланған күні:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Асхат Садырбай журналистика саласындағы ағасы Бейсен Құранбекті есіне алды. Ақпарат өкілі марқұм тележүргізушінің туған күнінде оған жантебірентерлік жазбасын арнаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай марқұм Бейсен Құранбек туралы естеліктерімен бөлісіп, оның бойындағы ерекше қасиеттерін тізіп шықты. Ол өзі үлгі тұтқан журналистің туған күнінде Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялаған.

Онда ақпарат өкілі Бейсен Құранбек өмірден өтсе де, оның есімі өлмегенін алға тартты.

"Бүгін қазақ журналистикасында, телевизия саласында абыройлы қызмет атқарған Бейсен Құранбек ағаның туған күні. Бейсен ағамыздың өзі бүгінде ортамызда болмаса да оның есімі өлген жоқ, өшкен жоқ. Өшпейді де. Себебі Бейсен аға тек журналистика саласында ғана емес, өмірде де көп адамға үлгілі, жақсы қасиеттерін, жақсы сөздерін қалдырып кетті. Жатқан жеріңіз жарық болсын. Алла мейіріміне бөлесін" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Айта кетейік, бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызы да Бейсен Құранбекті есіне алып, онымен түскен соңғы суретін желіде жариялады. Сонымен қатар, белгілі тележүргізуші марқұм журналистің тірісінде айтқан нақыл сөздерімен бөлісті.

Еске сала кетейік, "Айтуға оңай" бағдарламасы арқылы халыққа танылған Бейсен Құранбек осы жылдың 18 мамырында мезгілсіз дүниеден өткен болатын. Ақпарат өкілі ауыр дерттен айыға алмай, көз жұмған. Ол 49 жасына қараған шағында өмірден озды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889250-esimi-lgen-zok-ashat-sadyrbaj-markm-bejsen-kranbekti-esine-aldy/