Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 29 жастағы келіншекті қасқыр талады

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қостанай облысының Жанкелдин ауданында 1991 жылы туған жергілікті тұрғынды қасқыр талап, ол ауруханаға жеткізілген деп жазады Қазақпарат.

Бұл ақпартты агенттіке облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева растаған.

Оқиға Ақкөл ауылы маңындағы малшы қыстағында орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, қасқыр үйінен шыққан 1991 жылы туған азаматшаға тап берген.

Түз тағысының келіншекті құтқаруға келген күйеуіне де шабуыл жасағаны белгілі болды. Ол уақытта ер адам ат үстінде болған.

Жыртқыш аң талаған тұрғын ауруханаға жеткізілген.

"Қазір ол аудандық аурухана дәрігерлерінің қарауында. Жағдайы бірқалыпты. Хирургтың тексеруінен өтті, хирургиялық көмек қажет етпейді. Қасқыр қарын тұсынан тістеген. Емделушіге антирабикалық вакцина салынды. Вакцина жануарлардың тістеуінен зардап шеккен тұл­ғаларға құтыруға қарсы қолданылады", - дейді Ксения Жилкибаева.

Еске сала кетсек, осыған дейін Атырау облысында бір топ қасқыр малдарға шабуыл жасап жүргенін жазған болатынбыз. Ал малшылар қаруы болмағандықтан, оларға тойтарыс бере алмай жатқандарын жеткізген.

Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың сөзінше, жыл басынан бері Азғыр тұрғындарынан заңсыз айналымнан тіркелмеген қарудың алты бірлігі тәркіленген.

Ведомство бақташыларға уақыт тауып, тиісті құжаттарды рәсімдеуді ұсынып отыр. Содан кейін ғана қару мен оқ алуға рұқсат.

Сонымен қатар Жамбыл облысында бір қожалықтың 200-ден астам қой мен ешкісін қасқыр қырып кеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889282-kostanaj-oblysynda-29-zastagy-kelinsekti-kaskyr-talady/

pixel