Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында бір топ қасқыр жұрттың үрейін алып жүр

Опубликовано:

Аманғали Ғаббасов
Видеодан кадр: Хабар 24

Атырау облысында бір топ қасқыр малдарға шабуыл жасап жүр. Ал малшылардың қаруы болмағандықтан, оларға тойтарыс бере алмайды. Бұл оқиғаға қатысты өңірдің полиция департаменті жауап берді деп хабарлайды Хабар 24.

Бақташы Аманғали Ғаббасовтың сөзінше, жақында ғана қасқырлар ешкіні жеп кеткен. Енді ол мал иесімен қалай есептесетінін білмейді.

"Қару жоқ, полицейлер алып кеткен. Оны қайтарып алу үшін өте көп рұқсат қағазы қажет. Бізді өлген малдарға ақша төлеуге мәжбүрлейді, жағдайымыз өте қиын",- дейді ол.

Жайылымда қазір еділбай тұқымды 12 мыңға жуық қой бар, олардың еті экспортқа жіберіледі. Нарықтағы бір ешкі бағасы 60 мың теңге, қойдың бағасы екі есе қымбат.

Бақташылар қасқыр шабуылынан кейін келген залалды өз қалтасынан төлейді. Ферма жетекшісі Амангелді Қабдоловтың сөзінше, қазір қасқырлар қазір күрт көбейген, олардан отарды қорғау керек. Ал полиция қаруды алып кеткен.

Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың сөзінше, жыл басынан бері Азғыр тұрғындарынан заңсыз айналымнан тіркелмеген қарудың алты бірлігі тәркіленген. Одан бөлек, қаруды заңсыз сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ведомство бақташыларға уақыт тауып, тиісті құжаттарды рәсімдеуді ұсынып отыр. Содан кейін ғана қару мен оқ алуға рұқсат.

Айта кетейік, осыған дейін Жамбыл облысында бір қожалықтың 200-ден астам қой мен ешкісін қасқыр қырып кеткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1887600-atyrau-oblysynda-bir-top-kaskyr-zrtty-rejin-alyp-zr/

pixel