Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның өңірлерінде 8 оңалту орталығы және 16 инклюзияны қолдау кабинеттері ашылады

Опубликовано:

Жиын
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

"Қамқорлық" бастамасы аясында 2020 жылдың аяғына дейін өңірлерде ауруханалар жанынан 8 оңалту орталығы және қажеттілігі жоғары өңірлік мектептерде 16 инклюзивті кабинет ашылмақ.

Бұл туралы Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасының "Ел Үміті" және "Қамқорлық" бастамаларына арналған "Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ" онлайн-форумдына белгілі болды.

Оңалту орталықтары Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қостанай облыстарында және Нұр-Сұлтанда ашылды. Жоба инклюзивті қоғамды дамытуға бағытталған "Қамқорлық" бастамасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Жыл сайын орталықтарда 5 мыңға жуық балаға тиісті көмек көрсетілетін болады.

Марапат
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

Оңалту орталықтары медициналық ғимараттардың бос аумағында орналасып, қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Әр оңалту орталығы 13-тен астам бөлмемен жабдықталған: жаттығу терапиясы және механотерапия бөлмелері, бальнеотерапия, кәсіптік терапия, физиотерапия, логопедия, дефектология, био кері байланыс терапиясы, шунгит және тұз бөлмелері қарастырылған. Оңалту орталықтардың негізінде балаларға 30-дан астам қызмет ақысыз көрсетіледі.

Форум
Фото: Нұрсұлтан Назарбаев Қорының баспасөз қызметі

Өз қуанышымен Нұр-Сұлтан қаласындағы №1 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының директоры Лариса Павловец бөлісті:

"Бүгін біз "Қамқорлық" балаларды оңалту орталығының есігін аштық. Біздің орталық бір мезгілде айына 50 баланы қабылдай алады. Дәл осындай орталықтар 8 аймақта ашылып жатыр, енді тағы бес мың бала өз арманына жақындауға - өз аяғына тұруға мүмкіндік алады".

Сондай-ақ форумда "Ел үміті" бастамасының белсенді қатысушылары мен жүлдегерлерін марапатталды - "Елбасы медалі" жобасының қатысушыларына қола медальдар табысталды, ауыл оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары және халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткені үшін "Ел мақтанышы" сыйлығының лауреаттары марапатталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889424-kazakstanny-irlerinde-8-oaltu-ortalygy-zne-16-inkluziany-koldau-kabinetteri-asylady/

pixel