Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда арнайы дабылы бар Mercedes тізгіндеген жасөспірім ұсталды (видео)

Опубликовано:

Көлік құралы
Видеодан кадр: polisia.kz

Әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған жеңіл автокөлік жүргізушісінің видеосы тарап кетті. Оқиға Талдықорғанда болған, тәртіпбұзушы ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Видео әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшыларының назарын аударды. Талдықорған ПБ бастығы Асқар Нұрсап оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Қабылданған шаралар нәтижесінде Mercedes көлік құралы айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші куәлігі жоқ Талдықорған қаласының 17 жастағы тұрғынына қатысты үш әкімшілік хаттама толтырылды",- деді ол.

Одан бөлек, әкімшілік хаттама неміс көлігінің иесіне қатысты да құрылды. Оған көрік құралын айдауға құқы жоқ азаматқа темір тұлпарын бергені себеп болды.

Айта кетейік, Үндістанда жүк көлігі қаққан кейуана ғажайыптың күшімен жол апатынан аман қалды.

Үндістанның Тамиланд штатындағы Тирученгоде қаласында жол апатына түскен кейуананың видеосы желіге тарап кетті. Видеода бұрылыста жол бойында тұрған кейуананы мүлде байқамаған жүк көлігі оны қаққаннан кейін тоқтамастан әрі қарай кетіп бара жатқанын көруге болады.

Десе де, жолы болған кейуана жүк көлігінің астында қалса да, бұл жайттан аман шыққан. Оған оқиға куәгерлері бірден көмекке асығады. Twitter желісінің CGTN парақшасында жарияланған бұл жайттың видеосы он мыңнан астам қаралым жинап үлгерген. Желі қолданушылары кейуананың тірі қалғанына таңданыс білдіріп, жарыса пікір қалдыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889531-taldykorganda-arnajy-dabyly-bar-mercedes-tizgindegen-zasspirim-staldy-video/

pixel