Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мобильді операторлар "250+" жобасын іске қоспақ

Опубликовано:

"Кселл" АҚ
Фото: "Кселл" АҚ

Қазақстан өз тәуелсіздігінің 29 жылдығын атап өтуде. Ел дамуының осы кезеңіндегі маңызды жетістіктердің бірі "250+" жобасы шеңберінде жаһандық желіге кең жолақты мобильді қолжетімділікті іс жүзінде қамтамасыз ету болып отыр. Бұл елдегі Kcell, Tele 2 және Beeline сынды үш ұялы байланыс операторының бірлескен күш-жігерінің арқасында жүзеге асырылатын бірегей бастама.

2020 жыл Қазақстанды қоса алғанда, әлем үшін аса маңызды сын-тегеуріндердің біріне айналды. Пандемия мен экономикалық дағдарыс жағдайында ұлттық экономикалардың құлдырауы байқалды.

Алайда, бұл жағдайда цифрландыру процесі белсенді түрде дамыды. Интернет байланысының болуы қоғам өмірінің түрлі салалары: білім беру, сауда, банк және мемлекеттік қызметтер үшін аса маңызды болды.

Халықтың барлық заманауи қызметтерге қолжетімділігі әртүрлі елдердің әлеуметтік ғана емес, экономикалық саласының да жетістігі мен дамуының көрсеткіші атанды.

Халық қызметінің барлық салаларын цифрландырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу үшін Қазақстанның мобильді операторлары "250+"бірлескен жобасын іске қосты.

Бұл үш мобильді оператордың бірлескен бастамасы. Ол 250 адамнан артық тұрғыны бар барлық ауылды, ал дәлірек айтқанда халқы 1 млн-нан астам қазақстандықты құрайтын 1 600-ден астам ауылдық елді мекендерді жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Осындай жобаның арқасында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының келесі айтулы күніне еліміздің барша тұрғыны барлық заманауи онлайн-қызметтерге қол жеткізе алады.

Жобаның әлеуметтік-экономикалық маңызы

"Жоба аясында ауылда тұратын барлық қазақстандық цифрлық мемлекеттік қызметтерге, қашықтан білім алуға, қашықтан жұмыс істеуге, мобильді банкингке, телемедицинаға қол жеткізе алады, бұл шалғайдағы ауыл жағдайында өте маңызды.

Асқар Есеркегенов
Асқар Есеркегенов. Фото: "Кселл" АҚ

Осылайша, ауыл мен қала арасындағы цифрлық теңсіздік қырлары жойылуда, елдің әлеуметтік ландшафты өзгеруде", - деп хабарлады" Кселл " АҚ Бас техникалық директоры Асқар Есеркегенов.

Жоғары жылдамдықты мобильді Интернетке қол жеткізудің арқасында ауылдық жерлердегі экономикалық процестер жедел дамиды.

Мобильді банкинг-қолма – қол ақшасыз төлемдер, қазақстандықтар арасындағы жылдам онлайн-ақша аударымдары, мәдени және білім беру ресурстарына қолжетімділік-осының барлығы шағын ауылдардың тұрғындарына заманауи цифрлық қоғамдастықтың бір бөлігі болуға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындарына қазірдің өзінде онлайн-сауда ресурстары қолжетімді. Мысалы, Kcell өзінің келісімшарттық ұялы телефондарына тапсырыстарды тікелей "ауылдан тыс жерлерден" бірнеше рет алған болатын.

"250+" жобасы ауылды дамытудың драйвері ретінде

"250 +" жобасы шалғай елді мекендерді мобильді интернетпен қамтамасыз ету үшін енгізілді.

Айбек Нұрқадыр
Айбек Нұрқадыр. Фото: "Кселл" АҚ

"Біздің мақсатымыз-халыққа қызмет көрсетудің барынша қолжетімділігі. "250+" жобасы Қазақстан экономикасын дамытудың драйверлерінің бірі болады", – деп есептейді "Кселл"АҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры Айбек Нұрқадыр.

250-ден астам адам тұратын 1 600-ден астам елді мекен кең жолақты мобильді интернетке қосылады.

Осылайша, әрбір қазақстандық жоғары және арнайы білім берудің халықаралық бағдарламаларын қоса алғанда, сапалы онлайн-білім алу мүмкіндігін алады.

Ал құжаттарды, анықтамаларды ресімдеу, мемлекеттік органдарға жүгіну қызметтері Қазақстанның шалғай аудандарында да оңай әрі қолжетімді болады.

Алдағы жылы қазақстандық ауылдардың барлығы дерлік ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын жоғары жылдамдықты мобильді интернетке қол жеткізумен атап өтеді.

Ал әлеуметтік маңызы бар жобаны жасау үшін мобильдік операторлардың бірігуі - жаңа сын-тегеуріндер алдында бизнес біртұтастығының көрсеткіші.

Бұл, өз кезегінде, халықаралық стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу жолында ел халқының бірлігін күшейтеді.

*PR құқығында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889681-kazakstanny-tuelsizdik-knine-oraj-mobildi-operatorlar-250-zobasyn-iske-kospak/

pixel