Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда волейболшы қыздарды ұрған жаттықтырушы өз шындығын айтты (видео)

Жарияланған күні:

Маңғыстаулық жаттықтырушы
Видеодан кадр: lada.kz

Әлеуметтік желіде жарыс кезінде эмоцияға беріліп, волейболшы қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушы қызу талқыға түсті. Жаңаөзен мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімінің оқиғаға қатысты түсініктемесін Lada.kz басылымы жариялады.

Волейболдан жаттықтырушы оқиғаға байланысты өз шындығын айтты.

"Интернетте тараған видеоға қатысты айтар болсам, ол қыздар Жаңаөзен командасында ойнайтын волейболшылар. Жақсы көрсеткіш көрсетіп, спорт саласында айтарлықтай жетістікке жетіп жүр. Ол сырттан беттен ұру болып көрінген шығар, бірақ олай емес.

Алтыншы нөмірдегі ойыншы - команда көшбасшысы. Мен оны жігерлендіріп, команданы белсенді болуға шақырғым келді. Менің әрекетім сырттан ойыншыларға деген қатігез қарым-қатынас ретінде көрінгені үшін кешірім сұраймын", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін аталған жайтқа қатысты Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы пікір білдірген еді.

Ведомство бұл жайт Мұнайлы ауданында 14-15 желтоқсан аралығында коронавирус жағдайына байланысты көрермендердің қатысуынсыз өткен спорттық іс-шарада болғанын мәлімдеді. Көп ұзамай видеодағы ер адамның Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Тұрмағамбетов екені анықталды.

"Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылар қатарында емес. Оны жарысқа ешбір ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты", - деген еді басқармада.

Ведомство тексеріс жүргізетін комиссия құрылғанын, Азамат Тұрмағамбетовке қатысты шара қолданылатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889701-magystauda-volejbolsy-kyzdardy-rgan-zattyktyrusy-z-syndygyn-ajtty-video/