Алматыға мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен келген екі шетел азаматы депортицияланды
Жарияланған күні:
Алматы қаласының халықаралық әуежайында мерзімі өткен ПТР-анықтамасымен ұшып келген екі шетел азаматы депортацияланды деп хабарлайды "COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың" ресми Telegram-каналы.
2020 жылғы 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Израиль, Ұлыбритания, Германия, Франция, Корея, Мальдив Республикасы, Мысыр, Түркия, БАӘ, РФ, Қырғызстан және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1 612 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 465 адам, анықтамасыз 147 адам - Қазақстан Республикасының азаматтары келді.
Оның ішінде:
- Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 348 жолаушы, анықтамамен - 1 209, анықтамасыз - 139;
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 3 рейс, 264 жолаушы, анықтамамен - 256; анықтамасыз - 8.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
Бір күн бұрын, 2020 жылдың 14 желтоқсанында анықтамасыз келген 81 адамның ПТР-талдау нәтижелері бойынша Ыстамбұл – Алматы рейсімен ұшып келген Қазақстанның 2 азаматынан коронавирустық инфекция анықталды.
Сонымен қатар, Түркиядан ұшып келген Шри-Ланка мен Қырғызстан азаматтары, COVID-19 тестінен өту туралы мерзімі өткен анықтамаларды ұсынуларына байланысты Алматы қаласының әуежайынан депортацияланды.
Айта кетейік, ШҚО-да енді пойызға отыру үшін ПТР анықтама талап етілмейтін болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889717-almatyga-merzimi-tken-ptr-anyktamasymen-kelgen-eki-setel-azamaty-deporticialandy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.