Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да пойызға отыру үшін ПТР анықтама талап етілмейтін болды

Опубликовано:

ПТР тестілеу
Фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейтін болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы бүгін шыққан Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылған.

"Шығыс Қазақстан облысының ішкі әуе және теміржол қатынастарында COVID-19 бойынша шектеу шараларын күшейту туралы" Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 2020 жылғы 31 қазандағы № 59 қаулысына өзгерістер енгізілді. Енді пойыз және ұшақ жолаушыларынан ПТР тест анықтамасы талап етілмейді", - делінген құжатта.

Жаңа қаулы 16 желтоқсаннан бастап күшіне енді.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл аймаққа" енді.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметіне сәйкес, 16 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл аймақта" Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы орналасқан. "Сары аймақта" Алматы, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары енген. Қалған өңірлер - "жасыл аймақта".

Жалпы Қазақстанда өткен тәулікте тағы 749 адам коронавирус жұқтырды. Осылайша, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 143 735-ке жетті. ПТР тестілеуі барысында расталған коронавирус деректері бойынша Нұр-Сұлтан қаласы көш бастап тұр. Елордада өткен тәулікте 86 адам COVID-19 инфекциясын жұқтырып алғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889704-sko-da-pojyzga-otyru-sin-ptr-anyktama-talap-etilmejtin-boldy/

pixel