"Үйге сүйретіліп әзер жеткен": Павлодар облысында жас жігіт аяусыз соққыға жығылды
Жарияланған күні:
Павлодар облысы Көкдомбақ ауылының 19 жастағы тұрғынын төрт жігіт аяусыз соққыға жықты. Төбелес 16 желтоқсанға қараған түні болған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болып, ал полиция тергеу жүріп жатқанын растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Көптеген жарақаттар алған жас жігіт ауруханаға жатқызылып, оны емдеуге Екібастұзға жіберуге тура келген.
Instagram желісінің ekibastuz_kazakhstan паблигінде 19 жастағы жігіт пен оның төрт танысы арасында төбелес болғаны айтылған.
"Төрт жігіт 19 жастағы Аңсаған Садуды дәретханаға бару үшін сыртқа шыққан кезде аяусыз соққыға жықты. Жігіт үйіне сүйретіліп әзер жеткен", - делінген жазбада.
Жазбамен қоса соққыға жығылып, сау жері қалмаған жігіттің фотосуреті де жарияланыпты. Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушіге көмек көрсетіліп жатқанын хабарлады. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Сонымен қатар, операциядан кейін жас жігіт жара орындары мен басының ауыратынына шағымданып отырғаны айтылды.
Облыстық полиция департаменті факті бойынша "денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру" бабымен сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. Барлық күдіктілер қамауға алынған.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде жарыс кезінде эмоцияға беріліп, волейболшы қыздардың бетінен ұрған жаттықтырушы қызу талқыға түскен еді. Жаңаөзен мектептерінің бірінде дене шынықтыру пәнінен сабақ беретін мұғалімінің оқиғаға қатысты түсініктемесі жария болды.
Одан бөлек, күйеуі соққыға жыққан қарағандылық келіншектің жанайқайы көптің талқысына түскен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1889801-jge-sjretilip-zer-zetken-pavlodar-oblysynda-zas-zigit-aausyz-sokkyga-zygyldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.