Отандық ғалым коронавирусқа қарсы вакцина туралы айтты
Жарияланған күні:
Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман коронавирус вакцинасының жетістіктері туралы айтып берді деп жазады Егемен Қазақстан.
Алмаз Шарман Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында пандемия 2021 жылдың ортасында немесе соңында аяқталуы мүмкін деген сарапшылардың дерегін келтірді.
Медицина академиясының президенті оны тиімді жәні қауіпсіз вакциналарды дайындаумен байланыстыратынын жеткізді.
Маманның сөзінше, әлемде мұндай вакциналарды жасау үшін екі жүзге жуық зертхана жұмыс істеп жатыр.
"COVID-19-ға қарсы Pfizer/BioTech және Moderna компаниясының вакцинасы жақында сынақтан сәтті өтті. Олардың тиімділігі 95 пайыздан асқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Екі вакцина матрицалық РНК-ның ең заманауи технологиясына негізделген. Оның басты ерекшелігі тек антиденелердің бөлінуіне ғана емес әрі жасушалық иммундық әсеріне де ықпал етеді", - деп түсіндірді Шарман.
Оның айтуынша, 2021 жылы бірнеше миллиард дозада түрлі вакциналар өндірілмек.
Отандық ғалым вакциналар адамзатқа пандемиядан қорғайтын иммунологиялық қабатты қалыптастыруға көмектесетінін атап өтті.
Алайда ағзада коронавирусқа қарсы бейтарап антиденелердің қаншалықты ұзақ сақталатыны және адамның қанша уақытқа иммунитетке ие болатыны әлі де белгісіз, дейді ол.
Соған байланысты Шарман кейбір жасалып жатқан вакциналардың екі немесе одан да көп екпені қажет етуі мүмкін екенін алға тартты.
Еске салсақ, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қасым-Жомарт Тоқаев келесі аптада Қазақстан Ресеймен бірлесіп, вакцина өндірісін іске қосатынын мәлімдеген еді.
Қазіргі уақытта Қарағанды қаласында ресейлік "Спутник V" вакцинасын шығару өндірісін іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890005-otandyk-galym-koronaviruska-karsy-vakcina-turaly-ajtty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.