Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Боран
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылдық ескерту жарияланды. 21-22 желтоқсан күндері кей аймақтарда жел, көктайғақ, бұрқасын, тұман күтіледі деп хабарлайды Қазгидромет.

21 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда облысында түнде ауа температурасы 21-26, облыстың оңтүстігінде -17 градусқа дейін күрт төмендеуі мүмкін.

Қызылорда қаласында да 21 желтоқсанда түнде ауа температурасы 21-23 градусқа дейін төмендеп, аяз болады деп күтілуде.

21 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын болуы ықтимал. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында да 21 желтоқсанда батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15 м/с дейін жетуі ықтимал.

21 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жететін жел күтіледі.

Көкшетау қаласында да 21 желтоқсанда күндіз бұрқасын, жел күтіледі.

21 желтоқсанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы мүмкін. Ақтау қаласында да 21 желтоқсанда көктайғақ күтіледі.

21 желтоқсан күндіз, 22 желтоқсанда тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауы ықтимал.

21-22 желтоқсанда өңірдің кей жерлерінде тұман, бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетуі мүмкін.

Петропавл қаласында 21 желтоқсан күндіз, 22 желтоқсан тәулік бойы бұрқасын күтіледі. Сонымен қатар 21 желтоқсанда жел тұруы ықтимал.

Еске сала кетсек, Павлодар-Қызылорда тас жолындағы қолайсыз ауа райы салдарынан үш көлік соқтығысып, бес адам қайтыс болды.

Айта кетсек, 19 желтоқсан сағат 19:00-ден бастап Қызылорда қаласынан Түркістан облысына дейінгі аралықта жол жабылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890053-elimizdi-birnese-irinde-aua-rajyna-bajlanysty-dauyldyk-eskertu-zarialandy/

pixel