Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ғалымдар мутацияға ұшыраған коронавирус балалар үшін қауіпті екенін айтты

Опубликовано:

Маска таққан бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританиялық профессор Нил Фергюсонның айтуынша, бұрынғысына қарағанда коронавирустың мутацияға ұшыраған жаңа түрі балалар үшін жұқпалы болып келеді деп жазады РИА Новости.

Imperial College профессоры, жаңа және пайда болған респираторлық вирустық қауіптер туралы үкіметке қарасты консультациялық кеңестің мүшесі Нил Фергюсонның сөзінше, COVID-19-дың жаңа түрі балалар үшін қауіпті.

"Біз коронавирустың жаңа түрі туралы көбірек ақпарат жинауымыз керек. Бұл вирустың қалай әсер ететіні туралы қызықты эпидемиологиялық тенденциялар бар және оны балалардың жұқтыру бейімділігі жоғары. Біз мұны статистикдан көре аламыз", - дейді Фергюсон.

Оның сөзінше, ғалымдар жаңа мутацияны зерттеуді жалғастыруда. Мамандар қазірдің өзінде вирустың бұл түрі бұрынғыға қарағанда кем дегенде 50%-ға жұқпалы екендігін растаған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеген еді.

Оның сөзінше, мутацияға ұшыраған коронавирустың жаңа түрі өте жылдам таралуына байланысты Ұлыбританиядағы күшейтілген шектеу шаралары бірнеше айға созылуы мүмкін.

"Бұл (жаңа штамм - ред.) - үлкен мәселе, адамдарды қорғау үшін әзірге вакцина сала алмаймыз. Алдағы айларда әлем мұнымен бетпе-бет келеді", - дейді Хэнкок.

Министрдің айтуынша, санитарлық ережелерді сақтап, әлеуметтік байланыстарды қысқарту керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890300-galymdar-mutaciaga-syragan-koronavirus-balalar-sin-kauipti-ekenin-ajtty/

pixel