Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әлем мұнымен бетпе-бет келеді": COVID-19-дың жаңа штаммы таралып жатқан Ұлыбритания дабыл қақты

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: Mike Hewitt/Getty Images

Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі Мэттью Хэнкок елде таралып жатқан коронавирустың жаңа штаммына қатысты жағдай бақылаудан шыққанын мәлімдеді деп жазады Sky News.

Оның сөзінше, мутацияға ұшыраған коронавирустың жаңа түрі өте жылдам тарауына байланысты Ұлыбританиядағы күшейтілген шектеу шаралары бірнеше айға созылуы мүмкін.

"Бұл (жаңа штамм - ред.) - үлкен мәселе, адамдарды қорғау үшін әзірге вакцина сала алмаймыз. Алдағы айларда әлем мұнымен бетпе-бет келеді", - дейді Хэнкок.

Ол адамдарға вирус жұқтырып алғандай әрекет етуге кеңес берді. Министрдің айтуынша, санитарлық ережелерді сақтап, әлеуметтік байланыстарды қысқарту керек.

Сондай-ақ Хэнкок жаңа шектеу шаралары күшіне енгенше Лондоннан кетіп қалуға тырысып, ұзын-сонар кезекте тұрған адамдардың әрекетін жауапсыздық деп атады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон ел астанасы Лондон мен Англияның оңтүстік-шығыс аймақтарында жаңа шектеу шараларын енізуге қатысты мәлімде жасаған еді.

Жаңа ережелерге сәйкес, халыққа екі апта бойы еркін жүріп-тұруға рұқсат жоқ. Дәріхана және азық-түлік дүкендерінен басқа сауда орындары, жабық жаттығу залдары жұмыс істемейді.

Халыққа ғимарат ішінде кездесуге, шетелге шығуға рұқсат етілмейді. Отбасылық мереке саналатын Рождество тойланбайды.

Жаңа шектеулер жарияланған аймақтардың тұрғындары мереке күндері өз отбасы мүшелерінен басқаларымен араласпауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890102-lybritania-elde-tarap-zatkan-koronavirusty-zaa-stammy-bakylaudan-sykkanyn-mlimdedi/

pixel