Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы соты ТикТок түсірген жігітке айыппұл салды

Опубликовано:

Видео
Видеодан кадр: Желі

Белгілі отандық блогер Нұрбек Нұртазаға ТикТокта полиция қызметкерлерінің формасын киіп, видео жариялағаны үшін айыппұл салынды деп хабарлайды zakon.kz.

Қараша айында әлеуметтік желіде полиция формасын киген жігіттің жанынан өтіп бара жатқан адамдарды TikTok-қа түсіріп, бірге билеуге шақырған видеосы тарады.

Осыған байланысты тексеру жұмыстары жүріп, оның тәртіп сақшысы емес екендігі анықталды. Нәтижесінде блогердің үстінен полиция формасын заңсыз кигені үшін әкімшілік іс қозғалған болатын.

Басылым ұсынған ақпаратқа сәйкес, сот отырысы қашықтықтан өткізілді. 20 желтоқсанда Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты Нұрбек Нұртаза кінәлі деп таныды.

Одан арнайы формасы тәркіленіп, 13 890 теңге айыппұл салынды.

Сот блогердің роликті тек желідегілердің көңілін көтеру үшін түсіргенін ескерді. Сонымен қатар, Нұрбек Нұртаза жасаған ісіне өкінетінін айтты.

Айта кету керек, осыған дейін әнші Кентал өзін құқық қорғау қызметкерлері үйінен алып кетіп, бөлімшеге апарғанын жеткізген болатын.

Оған әншінің төрт жыл бұрын полицей формасын киіп, түсірген видеосы себеп болған.

Кейін Алматы қаласының полициясы Кентал түсірген вайнға қатысты пікір білдірген еді.

Сонымен қатар бұған дейін жолдың ортасында шахмат ойынын ұйымдастырған үш жас жігіттің Қазақстан Республикасының әкімшілік кодексінің бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890430-almaty-soty-tiktok-tsirgen-zigitke-ajyppl-saldy/

pixel