Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төлеуге дайынмын": Саясаттанушы бірінші депутаттарды вакцинациялауды ұсынды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Саясаттанушы Санжар Боқаев коронавирусқа қарсы вакцинаны бірінші депутаттарға егуді ұсынды. Ол өз қалтасынан 157 вакцинаға ақша төлейтінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мұндай ұсынысты Боқаев өз Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Премьер-министр Қазақстанда өндірілген "Спутник V” вакцинасын жаппай егу екі айдан кейін басталатынын мәлімдеді. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, педагогтар мен студенттерге екпе жасалады. Неге екенін түсіне алар емеспін",- деп жазды саясаттанушы.

Айтуынша, вакцинацияға мемлекет ақша бөледі, ал коммерциялық табыс "танымал миллиардерлер" қалтасына түседі. Ол мұның орнына вакцинациялауды ҚР парламенті жаңа шақырылымының депутаттарына өткізуді ұсынды. Саясаттанушы ресейлік "Спутник V" вакцинасының 157 бірлігіне өз алтасынан ақша төлеуге дайын.

"Біз ең бірінші кезекте ел депутаттарына қамқорлық танытуымыз керек. Ол медицина қызметкерлері, педагогтар мен студенттер вакцинациядан өткенін күте алмайды. Барлық жақсы нәрсе біздің депуттарға- халық өкілдеріне берілуге тиіс",- деді Боқаев.

Қорытындылай келе, ол ақ халаттылар мен педагогтарға, студенттер мен басқа азаматтарға "нашар америкалық вакцина" сатып алуды ұсынды.

Айта кетейік, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде "Спутник V" вакцинасының өндірісі басталды.

Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.

"Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", - деді Асқар Мамин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890440-tleuge-dajynmyn-saasattanusy-birinsi-deputattardy-vakcinacialaudy-syndy/

pixel