Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұлай болады деп күтпедік": Шымкентте бір топ адамның жиналу себебі белгілі болды

Опубликовано:

Фото
Фото: Отырар арнасы

Шымкентте дүкен маңына таң атқаннан бері бір топ адам жиналды. Бұл дүкеннің иесі жуырда кілемдерді тегін тарататыны туралы хабарлама жасаған деп хабарлайды Отырар арнасы.

Үшінші мегаполистің тұрғындары дүкенге келушілерге тегін кілем берілетінін жарнаманы оқып, сауда орнының кіреберісіне жиналды. Барлығы 500 кілем тарату жоспарлағаны анықталды.

Алайда бұл акцияны ұйымдастырушылар адам мұнша көп жиналады деп ойламаған. Соған байланысты тегін берілетін кілем бәріне бірдей жетпей қалды, дейді олар.

"Біз осынша көп адам келетінін білмедік. Бұлай болады деп күтпедік. Кілем таратамыз деп ойладық, алайда барлық санитарлық талап бұзылды", - деп түсіндірді дүкен қызметкерлері.

Соған байланысты олар науқанды тез арада тоқтатқандарын атап өтті.

Сонымен қатар басылым бетінде дүкенге полиция келгені жазылды. Көп адам жиналуына байланысты кілем сататын дүкен маңындағы сауда орындары да жабылған.

Еске сала кетсек, осыған дейін "Қазақстанда COVID-19 вакцинациясынан бас тартуға болмайды" деген ақпарат тараған еді. Бұған қатысты пікір білдірген денсаулық сақтау министрлігі мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

Сонымен қатар жақында әлеуметтік желілерде болгариялық сәуегей Ванга "белгілі бір вирустың тарайтынын айтқан" деген ақпарат тарап, көпшіліктің талқысына түсті. Осы орайда Stopfake бұл ақпараттардың қайдан шыққанын анықтап көрді.

Басылым бұндай жазбаларда күмән, сәйкессіздіктер мен қайшылықтар өте көп екенін атап өтіп, олардың кейбіріне тоқталып кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890443-blaj-bolady-dep-ktpedik-symkentte-bir-top-adamny-zinalu-sebebi-belgili-boldy/

pixel