Өткен тәулікте тағы 733 адамнан коронавирус анықталды
Опубликовано:

Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі коронавирус инфекциясын жұқтырғандарға қатысты соңғы деректі жария етті деп хабарлайды Coronavirus2020.kz Telegram арнасы.
"Қазақстанда өткен тәулікте 733 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды", - делінген хабарламада.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 75
Алматы қаласы - 88
Шымкент қаласы - 6
Ақмола облысы - 59
Ақтөбе облысы - 8
Алматы облысы - 49
Атырау облысы - 62
Шығыс Қазақстан облысы - 71
Жамбыл облысы - 12
Батыс Қазақстан облысы - 40
Қарағанды облысы - 34
Қостанай облысы - 67
Қызылорда облысы - 8
Маңғыстау облысы - 18
Павлодар облысы - 66
Солтүстік Қазақстан облысы - 64
Түркістан облысы - 6
Осылайша, ел бойынша ауырғандардың жалпы саны 148 708-ге жетті.
Айта кетсек, 25 желтоқсаннан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі.
Еске сала кетсек, Қарағанды фармацевтикалық кешенінде "Спутник V" вакцинасының өндірісі басталды.
Кешен базасында кезең-кезеңімен 2 млн доза вакцина өндіріледі.
"Қазақстанда өндірілген "Спутник V"-мен жаппай вакцинация 2021 жылғы ақпан айында басталады. Бірінші кезекте екпе ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтер, студенттер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті, сондай-ақ созылмалы аурулары бар қауіптілік топтарының өкілдеріне салынады", - деді Асқар Мамин.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890500-tken-tulikte-tagy-733-adamnan-koronavirus-anyktaldy/