Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы тас жолда 1 млн доллар ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Опубликовано:

Арнайы операция
Фото: Әлеуметтік желі

Қазақстандықтар Алматы облысында қылмыстық топтың жолын кесу операциясын талқылап жатыр. Өңір полиция департаменті тәртіп сақшыларының әрекетіне қатысты пікір білдіріп, тас жолдағы оқиғаның мән-жайын мәлімдеді.

Полиция ұйымдастырған жедел-іздестіру шараларының фото-видеолары әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрлардан күдіктілерді ұстау кезінде арнайы жасақ мен жедел қызметкерлерді байқауға болады. Сондай-ақ, Жамбыл облысы Самсы ауылында Алматы -Бішкек тас жолында екі азаматқа шабуыл жасалғаны көрсетілген құжаттар да пайда болды.

Олардың бірі Алматы мен Қордай арасында өз көлігімен жеке тасымалдаумен айналысады. Екеуі де тас жолда келе жатқанда үш азамат қасақана алдынан шығып, пышақпен қоқан-лоққы көрсетіп, автокөлік пен 1 млн долларды алып кеткен.

Арнайы операция
Фото: Әлеуметтік желі

Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдіріп, арнайы жасақпен ұйымдастырылған операция нәтижесін бөлісті. Үш күдікті ұсталды.

"Жамбыл облысының полициясына қарақшылық шабуыл фактісі бойынша арыз келіп түсті. Арыз тастаушы белгісіз тұлғалар жол апатын әдейі ұйымдастырып, пышақпен қорқыту арқылы көлігі мен 1 млн доллар ақшасын алып кеткенін хабарлады.
Арнайы операция
Фото: Әлеуметтік желі

Арнайы құрылған жедел-тергеу тобы бұл қылмысты ашу мақсатында жұмыс істеді. Ұйымдастырылған шаралар барысында барлық күдікті ұсталды, заттық дәлелдер тәркіленді",- деді ведомство баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890659-almaty-oblysyndagy-tas-zolda-1-mln-dollar-rlagan-kylmystyk-top-staldy/

pixel