Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысындағы зауытта 41 мыңнан аса тауық тұншығып қалды

Опубликовано:

Көрнекі фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысындағы құс фабрикаларының бірінде бір түнде 41 мыңнан астам тауық қырылып қалды. Ұйғыр ауданы әкімдігі құстардың жаппай қырылуына қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құстардың қырылуы шекаралас Ұйғыр ауданында орналасқан "Otan Green Food" ЖШС құс фабрикасында тіркелгені хабарланды.

Кәсіпорын тауықтардың өлімі құс тұмауымен байланысты емес екенін және арнайы жүргізілген зерттеулер нәтижесінде ешқандай жұқпалы аурулар анықталмағанын мәлім етті.

Ұйғыр ауданы әкімдігінің мәліметінше, құстардың жаппай қырылуы 18-нен 19 желтоқсанға қараған түні бройлер цехында микроклиматты бақылайтын жабдықтың істен шығуына байланысты болған.

"41 мың тауық қырылды. Құстар оттегінің жетіспеуінен тұншығып қалған. Ауа бройлер цехындағы микроклиматты басқаратын компьютердің істен шығуына байланысты жабылған клапандар арқылы келіп тұрған. Бөлмедегі температура көтеріліп, оттегінің берілуі азайған. Құстардың қырылу себебін кәсіпорынның ветеринарлық қызметі растады", - дейді ведомство баспасөз хатшысы Ақжол Берікұлы.

Айта кетейік, Түркіменстанның Мары қаласындағы көк базарда тұтынушылар тауық еті үшін жаппай төбелесіп қалды.

Базарда арзан тауық еті сатылады деген сыбыс Мары уәлаятында лезде тараған. Өнімді сатып алу үшін тек облыс орталығынан емес, ауданнан да адамдар жиылған. Дәл осы жағдай жаппай төбелеске себеп болған.

17 желтоқсан күні базарға тауық етінің 8 қорабы жеткізілген. Мары тұрғындары кезекке тұра бастағанда, базарға аудан тұрғындарының үш автобусы келіп жеткен.

Марылықтар тауық еті тек қала тұрғындары үшін жеткізілді деген себеппен ауданнан келгендерді кезекке тұрғызбауға тырысқан. Ал ұзақ жолдан келген ауыл тұрғындары берілмей, төбелес басталып кеткен. Жанжалды тоқтатуға полиция қызметкерлері араласқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890673-almaty-oblysyndagy-zauytta-40-mynan-astam-tauyk-tnsygyp-kaldy/

pixel