Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында төрт балабақша карантинге жабылды

Опубликовано:

Балабақша
Көрнекі фото: piqsels.com

Павлодар облысында балалар мен мектепке дейінгі балалар мекемесі қызметкерлерінің коронавирус инфекциясын жұқтыруына байланысты төрт балабақша карантинге жабылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

ВАК-тың мәліметінше, қазір өңірде балабақшаға баратын 77 бала COVID-19 инфекциясын жұқтырған, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлер арасында 54 адам ауырып қалған.

Павлодарда 22 желтоқсаннан бастап №23 балабақша жабылған. Коронавирус кіші топтың тәрбиешісінен, сондай-ақ екі баладан анықталған.

Екібастұзда №20 балабақша жабылған, ол жерде мектепке дейінгі топтағы екі бала ауырып қалған.

Сонымен қатар Ақсу қаласында "Балапан" бөбекжайы мен №2 бөбекжай карантинге жабылған. Екі мекеменің әрбірінде екі адам инфекция жұқтырған.

Ведомствоаралық комиссияның хабарлауынша, қазір балалар медициналық бақылауға алынған.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде 60 адам коронавирус жұқтырған.

Еске салсақ, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 754 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 149 462-ге жетіп отыр.

Оған қоса, Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары өңірдің екі ауданындағы 6 елдімекенде карантин жариялады.

Бұл шектеу шаралары Солтүстік Қазақстан облысында коронавирустың таралуы мен өршуіне жол бермеу және жағдайды бақылау деңгейінде ұстап тұру үшін қабылданып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890791-pavlodar-oblysynda-trt-balabaksa-karantinge-zabyldy/

pixel