Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов киімсіз үйінен қуылған қыз баланың оқиғасына қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: primeminister.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ОКҚ өткен онлайн-брифингте киімсіз далада қалған кішкентай қыздың оқиғасына пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біз көріп, сол жерге арнайы топты, қамқорлық көрсету органдары мен ювеналды полицияны жібердік. Олар қазір тиісті жұмыстарды жүргізуде.

Қыз баланың далада киімсіз отырғанын көріп, мұндайда сөз тауып айтудың өзі қиын. Далада қар, қыс, мен мұндайды түсінбеймін. Біреулер өз балаларына шыдай алмайды, енді біреулер балалы болуды армандайды. Өкінішке орай осындай сұмдық жағдайлар орын алып жатады. Осындай жағдайларда мемлекет өте жылдам әрекет етуі керек", - дейді министр.

Оның сөзінше, әзірге қорытынды шығаруға ерте. Қазір мән-жайды анықтап, бұл жағдайдың қалай болғанына көз жеткізу керек.

Дегенмен министр заң аясында ең қатаң жаза тағайындалатынына сендірді.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 8 жасар қызын киімсіз көшеге қуып, 6 жасар баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған еді.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Полиция қызметкерлері 35 жастағы әйелді анықтады. Тұрғын бұл әрекеті арқылы көршісінің кірқыстырғыштарын рұқсат сұрамай алып, ойнағаны үшін балаларын жазалағысы келгенін түсіндірді", – деп хабарлады елорданың полиция департаменті.

Құзырлы орган бұл отбасыны арнайы есепке алғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890835-ajmagambetov-kiimsiz-jinen-kuylgan-kyz-balany-okigasyna-katysty-pikir-bildirdi/

pixel