Қостанай облысында велосипедші мен жүк көлігі соқтығысты: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қостанай облысында тағы бір жүк көлігі жол-көлік оқиғасына тап болды. "Шахман" жүк көлігі мен велосипед соқтығысты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Пешковка ауылында болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді. "Шахман" жүк көлігі мен велосипедші соқтығысқан.
"Велосипедші басымдық белгісінің талаптарын сақтамай, екінші дәрежелі жолдан шыққан. Соның салдарынан екеуі соқтығысты", - деп нақтылады Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.
Бұған дейін Қостанай облысындағы Семилетка ауылының маңында "КамАЗ" жүк көлігі мен мотоцикл соқтығысқаны хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы салдарынан мотоциклші оқиға орнында көз жұмды.
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/accidents/road-accident/2417765-qostanai-oblysynda-velosipedshi-men-zhuk-koligi-soqtygysty-oqiganyng-man-zhaiy-belgili-boldy/
