Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақ алдым": 8 жасар қызын далаға киімсіз шығарып жіберген әйел өз әрекетін түсіндірді

Опубликовано:

Қыз бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Белгілі тележүргізуші, продюсер Динара Сәтжан қақаған суықта 8 жастағы қызын ішкиіммен далаға шығарып жіберген астаналық әйелмен сөйлескен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізуші бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Оның сөзінше, келіншек қызына басқа біреудің затын алғаны үшін ашуланған және қазір бұл әркеті үшін өкініп отыр.

"Сабақ алдым. Ақшаның жетіспеушілігінен, бөлме жалдаудан, үнемі жұмыс іздеуден шаршадым. Кеше балаларға ашуландым. Мен олардың басқа біреудің затын алғанын қаламаймын. Бұлай болмау керек екенін түсіндіру үшін қызымды далаға шығарып жібердім" деген әйелдің сөзін тележүргізуші желіде жариялады.

Динара Сәттжан бұл оқиға қыздың анасы үшін үлкен сабақ болғанын, оны ата-ана құқығынан айыруға болмайтынын айтты.

Тележүргізуші суретті желіде жариялап жіберген Аида есімді келіншекпен де әңгімелескен. Видеода ол зәбір көрген қыздың анасымен көрші тұратынын және фотоны салғанына өкінетінін айтқан.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 8 жасар қызын киімсіз көшеге қуып, 6 жасар баласын ұрып-соққаны туралы ақпарат тараған еді.

Көпшіліктің наразылығын тудырған оқиғаға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те пікір білдірді.

"Біз көріп, сол жерге арнайы топты, қамқорлық көрсету органдары мен ювеналды полицияны жібердік. Олар қазір тиісті жұмыстарды жүргізуде", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890843-sabak-aldym-dinara-stzan-8-zasar-kyzyn-ksege-kiimsiz-sygaryp-zibergen-jelmen-sjlesti/

pixel