Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда зейнеткерді тонау сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Шабуыл жасады
Видеодан кадр: polisia.kz

Талдықорғанда 66 жастағы әйелді көшеде тонап кетті. Қылмыс бейнебақылау камераларына түсіп қалған деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

Қаскүнемнің құрбаны болған қалалық полицияға жүгінген. Ол шағын аудандардың бірінде бейтаныс ер адам келіп, қолындағы сөмкесін тартып алғанын айтқан.

Сөмкеде құжаттардан бөлек, зейнеткердің банк картасы мен 85 мың теңге қаржысы болған. Полиция "Тонау" бабы бойынша іс қозғаған.

Күдікті қаладағы орталық саябақ ауданынан ұсталған. Ол 19 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны болып шыққан.

"Тонау сәті жазылған бейнежазбаны және басқа дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол қылмысын мойындады", - дейді полиция.

Ер адам ақшаны жұмсап үлгеріп, сөмке мен құжаттарды лақтырып жіберген екен. Ол құқық қорғаушыларға нақты қай жерге лақтырғанын да көрсеткен.

Еске сала кетсек, Алматы облысында жеке жер үйде жөндеу жұмыстарымен айналысқан 34 жастағы жалдамалы жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Ауруханаға аса ауыр жарақаттармен жеткізілген азамат сол жерде есін жимастан қайтыс болды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталған жеңіл автокөлік жүргізушісінің видеосы тарап кетті. Оқиға Талдықорғанда болған, тәртіпбұзушы ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1890867-taldykorganda-zejnetkerdi-tonau-sti-videoga-tsip-kaldy/

pixel