Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық қыз ер адаммен кездескеннен кейін ұялы телефонын ұрлатып алды

Опубликовано:

Қыз бен жігіт
Көрнекі фото: piqsels.com

Елорда полицейлері ұрлық жасады деген күдікпен жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ғаламтор желісінде қызбен танысқан ер адам оны кездесуге шақырып, алдын ала болжам бойынша кездесу кезінде қыздың телефонын ұрлаған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, полиция бөліміне астана тұрғынынан ұрлық туралы арыз түскен.

Арызданушының айтуынша, ол әлеуметтік желілердің бірінде ер адаммен танысқан. Интернетте хабар алмасып, Нұр-Сұлтан қаласындағы қонақүйде кездесуге келіседі. Күдікті қызбен болған демалыстан кейін қыздың ұйықтағанын күтіп, оның 70 мың теңге тұратын ұялы телефонын заңсыз иемденіп алған.

Ұрлық жасады деген күдікке ілінген адам анықталып, ұсталды, деп хабарлады құқық қорғаушылар. Бұл еш жерде жұмыс жасамайтын 38 жастағы астана тұрғыны болып шықты.

Ұсталған ер адам қылмысын мойындады. Ұрланған ұялы телефон иесіне қайтарылды. Тергеу жалғасып жатыр. Полиция күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Еске салсақ, Түркістан облысында түрлі жайтпен тұрғындарды алдап, 1,5 миллионға жуық шығын келтірген күдікті әйел ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кеткен жөн, Жамбыл облысында құрбысының үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткен күдікті қолға түскені жайлы жазған едік.

Тұрар Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесінің тәжірибелі және сапалы тергеу амалдарының жүргізуінің нәтижесінде 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы ұрлық жасағаны толықтай дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891003-astanalyk-kyz-er-adammen-kezdeskennen-kejin-aly-telefonyn-rlatyp-aldy/

pixel