Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбысының үйінен 500 мың теңге ұрлаған жамбылдық ұсталды

Опубликовано:

Ақша теңге1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Жамбыл облысында құрбысының үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткен күдікті қолға түсті деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, Тұрар Рысқұлов ауданының полиция бөліміне Нурпеисова есімді азаматша арызданып, белгісіз біреу үйінен 500 мың теңгесін ұрлап кеткендігін хабардар еткен.

Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабы 3-бөлігі 3-тармағымен сотқа дейінгі тергеудің басталғаны белгілі болды.

"Тұрар Рысқұлов АПБ тергеу бөлімшесінің тәжірибелі және сапалы тергеу амалдарының жүргізуінің нәтижесінде 50 жастағы жәбірленушінің әріптесі әрі құрбысы ұрлық жасағаны толықтай дәлелденіп, қылмыстық іс сотқа жолданды",-деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қарағандыда қонаққа шақырылған азамат үй иесінің ұялы телефонын ұрлап, автокөлігін заңсыз айдап әкеткенін хабарлаған едік.

Одан бөлек, Түркістан облысында күдікті мешітке ұрлыққа түсіп, қайырымдылық жәшіктерін тонап кеткен болатын.

Сонымен қатар Түркістан облысында пәтер тонамақ болған әйел үй иесіне ұсталып қалғанын жазған болатынбыз.

Белгілі болғандай күдікті әйел бұрын сотты болған жергілікті тұрғын екен. Ол үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, "тығып кеткен" кілтті тауып алып, үйге заңсыз кірмек болыпты.

Қазіргі уақытта бөтеннің мүлкін ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1890736-krbysyny-jinen-500-my-tege-rlagan-zambyldyk-staldy/

pixel