Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзендік жаттықтырушы әрекеті: Қыздың анасы не үшін кешірім берді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Жарыс кезінде қыздың бетінен ұрып, басы бәлеге қалған Жаңаөзен мектебіндегі волейбол командасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетовты оқушының анасы кешірді деп жазады Lada.kz.

Аэлита Илалова желіде тараған видео көптің талқыcына түсіп, ашуын туғызғанына қарамастан, ер адамды кешіретінін айтып, полицияға неліктен арызданбанғанын түсіндірді.

"Мен полицияға арыз жазудан бас тарттым, себебі, біріншіден, баламды соттан сотқа сүйреп жүргенін қаламаймын.

Екіншіден, біз бапкерді кешіруді жөн көрдік. Ол анасымен бірге келіп, бізден кешірім сұрады. Оның балалары, отбасы бар. Біз оның тағдырын бүлдіргіміз келмейді. Сонымен қатар, ол жұмыстан шығарылды.

Мен қызыммен сөйлестім, ол бапкеріне енді өкпесі жоғын айтты. Бұл спорт қой, ана деді. Онымен бірге оқығандардың бәрі бапкерінің ондай оқыс әрекетін сол күні бірінші рет рет көргендерін айтты. Ол қыздарға айқайлап немесе итеріп жіберуі мүмкін екен, бірақ ешқашан бұлай қол көтермеген", - деді қыздың анасы.

Әйел оқиғаға түсініктеме бере отырып, жаттықтырушы Азамат Тұрмағамбетовтің жағымды қасиеттерін тілге тиек етті.

"Кейбіреулер кешіргеніміз үшін ақы төледі деп ойлауы мүмкін. Бірақ олай емес, бізге ешкім ақша берген жоқ. Бірден турасын осылай айтайын. Жаңаөзенде спорт залдарына қатысты мәселе өткір, жақсы жаттықтырушылар да өте аз. Азамат жарыстарға арналған үй-жайларды үнемі өзі іздеп жүреді, ол да қыздар да үлкен нәрсені арман етті. Бірақ, өкінішке орай, осы оқиғадан кейін бұл армандардың бәрінің быт-шыты шықты", - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде волейбол жаттықтырушысының шәкіртінің бетінен ұрғаны көрініс тапқан видео тараған болатын.

Аталған жайтқа қатысты Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы пікір білдірген еді.

Ведомство бұл жайт Мұнайлы ауданында 14-15 желтоқсан аралығында коронавирус жағдайына байланысты көрермендердің қатысуынсыз өткен спорттық іс-шарада болғанын мәлімдеді.

Көп ұзамай видеодағы ер адамның Жаңаөзен қаласындағы № 3 орта мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Азамат Тұрмағамбетов екені анықталды.

"Ол балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушылар қатарында емес. Оны жарысқа ешбір ұйым жіберген жоқ, ол жеке тұлға ретінде қатысты", - деген еді басқармада.

Кейінірек жаттықтырушы оқиғаға байланысты өз шындығын айтты.

Ал жақында оның жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891016-zaazendegi-zattyktyrusyny-reketi-kyzdy-anasy-er-adamdy-ne-sin-kesiretinin-ajtty/

pixel