Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да бюджеттен жымқырылған қаржының ең көп мөлшері белгілі болды

Опубликовано:

Ақшалар
Көрнекі фото: NUR.KZ

Батыс Қазақстан облысындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2020 жылы ең үлкен пара мен мемлекеттік бюджеттен жымқырудың ең көп мөлшері туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті бастығының орынбасары Нұрдәулет Сәмет мемлекеттік бюджеттен жымқырудың ең көп мөлшері 108 миллион теңгені құрағанын айтты.

"2019 жылы жымқырудың ең көп мөлшері 423 миллион теңгені, 2018 жылы 200 миллион теңгені, 2017 жылы 168 миллион теңгені құрады. 2020 жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша ең үлкен пара 7,8 миллион теңгені құрады. Бұған дейін ведомство басқа сандар дерегі туралы айтқан еді, өйткені бұл іс сотқа жетпеген", – деп түсіндірді Нұрдәулет Сәмет.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілінің айтуынша, 2020 жылдың басынан бері 75 азаптау қылмыстық ісі де қаралып жатыр.

"Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлеріне азаптау туралы 38, полиция қызметкерлеріне қатысты 47 шағым түскен. 69 қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылды. Көп жағдайда адамдар өз өтініштерін кері қайтарып алады", – деп аяқтады ол.

Еске салсақ, 2020 жылы жемқорлық желеуімен қамауға алынған шенеуніктер аз емес. Олардың кейбірі сотталып, жазасын алып үлгерді. Ал бірқатарына қылмыстық іс қозғалып, оған қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр. KAZ.NUR.KZ порталы ел есінде қалған даулы тұтқындаулар тізіп шыққан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891045-bko-da-budzetten-zymkyrylgan-karzyny-e-kp-mlseri-belgili-boldy/

pixel