Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында мерекелік іс-шараларға тыйым салынады

Опубликовано:

Мерекелік іс-шара
Көрнекі фото: piqsels.com

Атырау облысында соңғы тәулікте 62 адам ауру жұқтырғаны белгілі болды деп хабарлайды "Хабар 24".

Оның 12-сі мұнайлы шаһардан анықталса, 32-сі Теңіз кенішінде тіркелген. Қалғаны аудандағы тұрғындар арасынан анықталып отыр.

Атырау облысы – эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл" аймақтағы жалғыз өңір.

Жаңа жыл мерекесінде Аяз ата мен ақшақарды күтудің қажеті жоқ. Себебі оларға үй-үйді аралап жүруге тыйым салынды. Корпоративтік кештерге рұқсат жоқ.

"Мереке күндері Аяз ата мен ақшақарды үйге шақыруға, сондай-ақ олардың қызмет көрсетуіне тыйым салынады. Себебі олар қауіпті індетті таратушылар болуы мүмкін. Сондықтан әр адамның өмірі біз үшін қымбат. Қойылған шектеуге құлақ асу ерек екенін ескертеміз",– деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті бөлім басшысы Айым Ұнашәлиева.

Еске салсақ, Атырау әкімдігі жаңа жылдық мереке кезінде сауда ойын-сауық орталықтары мен базарлар қалай жұмыс істейтінін түсіндірген болатын.

Әлеуметтік желіде Атырауда 5 қаңтарға дейін базарлар мен сауда орталықтары жабық болады деген ақпарат пайда болды. Алайда әкімдік бұл ақпаратты жоққа шығарды. Сауда орталықтары мен базарлар қалыпты режимде жұмыс істейді.

Оған қоса, Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева астана тұрғындарына үндеу жасады. Ол қала тұрғындарын Жаңа жылды үйде қарсы алуға және санитарлық қауіпсіздік шараларын ұмытпауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891067-atyrau-oblysynda-merekelik-is-saralarga-tyjym-salynady/

pixel