jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Малика Хадид
Малика Хадид
Бұрынғы қызметкер

Қазақша шапан киген Роналдудың ғашығы әлем назарын аударды (фото)

Джорджина Родригес шапанмен
Фото: Instagram/georginagio

Әйгілі Криштиану Роналдудың сүйіктісі әлем назарын өзіне аудартты. Джорджина Родригес желіде қазақша шапан киіп тұрған фотосын жариялап, көпшілікті тәнті еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлемге танымал футболшы Роналдудың ғашығы Instagram желісінде өзіне Қазақстаннан келген ерекше сыйын көрсетті. Джорджина Родригеске қолдан жасалған ұлттық қазақша шапан тарту еткен.

"Қолдан жасалған ерекше киім үлгісі. Қазақстаннан махаббатпен" , - деп жазып қойды Джорджина Родригес.

Спортшының махаббаты өз парақшасында қазақи ою-өрнектермен безендірілген ұлттық киімді киіп тұрған фотосын жариялап, қалың көпшілікті таңдай қақтырды.

Аталмыш суретке барша қазақстандықтар да тәнті болған. Отандастарымыз Джорджина Родригестің қазақша шапан жабылып тұрған фотосына лүпілдерін аямай, жылы лебіздерін жарыса білдіруде.

Олар Роналдудың ғашығының қазақи образына жоғары бағасын беріп, оның парақшасында Қазақстан туының белгісін қалдырып жатыр.

Қазақша шапан киген Роналдудың ғашығы әлем назарын аударды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.