Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы тас жолда 8 тонна күкірт қышқылы төгіліп қалды

Опубликовано:

Күкірт
Көрнекі фото: instagram.com/departament_ecology_krg

Қарағанда облысындағы "Алматы-Екатеринбург" тас жолында қауіпті сұйықтықты тасымалдаған жүк көлігі аударылып, салдарынан 8 тонна күкірт қышқылы төгіліп қалды деп хабарлайды өңірлік Экология департаментінің Instagram парақшасы.

Оқиға 26 желтоқсан күні таңертең болған. Күкірт қышқылын тасымалдаған MAZ тас жолдың 912-шақырымында аударылған. Жол апаты Қошқарбай ауылынан екі шақырым жерде болған.

Департамент қызметкерлері топырақ сынамасын алған. 8 тонна күкірт қышқылы 80 шаршы метр ашық алаңға төгілгенін анықталды.

Төгілуді жою және майсыздандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Сарапшылар алынған сынамаларды талдау нәтижелері туралы қосымша хабарлауға уәде берді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында 3 тонна мұнай қалдығы жерге төгіліп қалғанын хабарлаған едік.

Алдын ала ақпарат бойынша жеке компанияға тиесілі мұнай тасымалдайтын көлікпен 10 тонна шикізат тасымалдап бара жатқан 1995 жылғы жүргізуші көлік бортын ашып жіберген. Салдарынан 10 шаршы метр жерге мұнай қалдығы төгіледі. Оқиға Жұмажанов атындағы ауылдық округі маңында болыпты. Енді қоршаған орта мен жер қатпарына қаншалықты зиян келгенін экологтар анықтайтын болады.

"Қазіргі таңда қалдықтарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Толығымен тазалап, аяқтауға жақынбыз. Барлық материалдар жиналып, құзырлы органдарға жіберіледі", – деді Мұқажан Жұмажанов ауылдық округінің әкімі Думан Бүкірбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891205-karagandy-oblysyndagy-tas-zolda-8-tonna-kkirt-kyskyly-tgilip-kaldy/

pixel