jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

"Қатты аяз күтіледі": Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Қыс
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК өкілдері 29-31 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері атлантикалық циклон Қазақстанның басым бөлігінде қардың мол түсуіне, бұрқасын болып, желдің күшеюіне және ауа температурасының көтерілуіне әкеледі.

Алайда 30 желтоқсанда циклонның артынан Арктика аудандарынан суық ауа массалары келіп, нәтижесінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы айтарлықтай төмендеуі ықтимал.

Солтүстікте түнгі уақытта ауа температурасы 30-38 градусқа дейін төмендеп, республика бойынша кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

29 желтоқсанда атлантикалық циклонның әсерінен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен шығысында қар жауады деп күтілуде.

Еліміздің қалған аймағында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі және жаяу бұрқасын болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын түнде 15-20 м/с дейін желдің күшейюі күтіледі.

Қостанай, Ақмола, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысында кей жерлерде тұман болып, Жалаңашкөл аймағында желдің күші 17-22 м/с дейін жетуі ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді деп күтілуде.

Жарма аймағында да желдің екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысында түнде облыстың солтүстігінде қатты аяз болуы ықтимал.

"Қатты аяз күтіледі": Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.