Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Bek Air билет сатып алған жолаушыларға 9,3 млн теңге қайтаруға міндеттелді

Опубликовано:

Bek Air ұшағы
Көрнекі фото: airlines-inform.ru

Алматыда Bek Air компаниясына қатысты кезекті сот отырысы өтті. Әуе компаниясы 9,3 млн теңге қайтаруға міндеттелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сауда және интеграция министрлігіне қарасты тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот процесі 28 желтоқсанда Түріксіб аудандық сотында өткен. Комитет билеттің ақшасын қайтаруды талап еткен 153 адамның мүддесін қорғаған.

Комитеттің талабы қанағаттандырылды. Компания тұтынушыларға 9,3 млн теңге қайтаруға міндеттелді.

Ведомствоның ақпаратынша, жалпы сот отырысында 1 678 адамның құқығы қорғалған. Енді Bek Air тұтынушыларға 103,3 млн теңге қайтарып беруі керек.

Комитетке тұтынушылар тарапынан шағым күн сайын түседі. Bek Air компаниясына қатысты бесінші рет сотқа арыз берілуі мүмкін.

Әуе компаниясына қатысты алғашқы екі арыз бойынша сот шешімі заңды күшіне енген. Ал үшінші арыз Алматы қаласы азаматтық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасына қайта жіберілген.

"Заң талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындауға тек сот орындаушылары ғана өкілеттік беретіндігін ескертеміз. Тұтынушылар сот шешімдерін орындау бойынша міндетті және уақытылы шаралар қабылдайтын сот орындаушыларымен байланысуға құқылы", - делінген Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің хабарламасында.

Соттың үкімі шыққан қағаз берілген сот орындаушысы туралы ақпарат алу үшін тұтынушылар Алматы қаласының жеке сот орындаушылар палатасына жүгінуі керек.

Айта кетейік, Bek Air әуе компаниясының ұшағы 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы әуежайының маңында апатқа ұшырады.

Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі бар еді. Апат салдарынан 12 адам қаза тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891483-bek-air-bilet-satyp-algan-zolausylarga-93-mln-tege-kajtaruga-mindetteldi/

pixel