Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық жүргізуші шанадағы бойжеткенді көлігіне тіркеп сүйреген

Опубликовано:

шана
Көрнекі фото: www.1zoom.ru

Атырауда шанадағы бойжеткенді көлігіне тіркеп алып сүйреген жүргізуші жауапкершілікке тартылды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қалалық полиция басқармасы Жедел басқару орталығының қызметкерлері 29 желтоқсан күні сағат 01:07 шамасында орталық көпір тұсында шана сүйреген көлікті байқайды. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция қызметкерлері жіберілген.

Тәртіп сақшылары тексеруі кезінде 22 жастағы азаматша отырған шананы тіркеп, сүйреп жүрген «Hyundai Tucson» маркалы көлікті тоқтатады.

«Көлікті басқарған 20 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 595-бабы 1-бөлімімен (жол жүрісі қағидасын бұзғаны) әкімшілік хаттама толтырлып, 13 890 теңге көлемінде айыппұл салынды», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала каетсек, бұған дейін Атырау облысы Еркінқала ауылы маңындағы "Рыбоходный" каналында жүк тиегіш көлік жарылған мұздың астына түсіп кеткені туралы хабарлаған едік.

49 жастағы жүргізуші жол қысқартпақ болып мұз қатқан каналдың үстімен жүрген.

Мұз көліктің ауырлығына шыдамай жарылып, техника су астына кеткен. Абырой болғанда жүргізуші кабинадан шығып үлгеріпті.

Оқиға орнына жедел-құтқару тобы барған. Олар каналдың тереңдігі 2 метр, мұздың қалыңдығы 30 см екенін, жартылай батқан жүк тиегіш көлік жағалаудан 45 метр әрі тұрғанын анықтапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891626-atyraulyk-zrgizusi-sanadagy-bojzetkendi-kligine-tirkep-sjregen/

pixel