RU

Алматылық ер адам 26 тонналық вагонды тісімен сүйреп, рекорд орнатты (видео)

Ер адам 26 тонналық вагонды тісімен сүйреді
Видеодан кадр: КТК телеарнасы

Алматыда 32 жастағы ер адам салмағы 26 тонна болатын вагондарды тісімен сүйреп, рекорд орнатты деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Александр Данчев өз жетістігін Жаңа жыл мерекесіне арнаған.

Ондаған адам палуанның жаңа рекорд орнатқан сәтін көруге келген. Олардың қатарына жақындары мен туыстары, қазылар алқасының мүшелері де бар.

Ер адам салмағы 26 тонна болатын вагонды 2,5 метрге сүйреген. Ал спортшының салмағы небәрі 80 келіні құрайды.

"Бүгін мен тіспен жаңа рекорд орнаттым. Бұл менің екінші рекордым. Бұл өте қиын және бұған ұзақ дайындық керек. Мойын мен ауыз қуысына, тістерге үлкен салмақ түседі. Ешкімге дайындықсыз бір нәрсе, тіпті көлікті сүйреуге кеңес бермеймін", - дейді Александр Данчев.

Дереккөз: КТК телеарнасы.

Еске сала кетсек, 67 жылдан бері ота жасап жүрген қырғызстандық дәрігер Мамбет Мамакеев әлемде еңбек өтілі ең көп хирург ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енгенін жазған едік.

93 жастағы Мамбет Мамакеевке Гиннестің рекордар кітабына енгенін растайтын диплом пошта арқылы жіберілген. Комитет куәлікті пандемия салдарынан дәрігердің қолына табыстай алмапты.

Хирург жұмыс істеген 67 жылында 30 мың ота жасаған.

"Міне, әлі күнге дейін күн сайын ота жасаймын. Қолым дірілдемейді, ұмытшақтық жоқ, бірақ қарттық бәрібір өз дегенін жасайды. Тізем мен белім мазалай бастады", - дейді Ұлттық хирургиялық орталықтың құрметті директоры Мамбет Мамакеев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891750-almatylyk-er-adam-26-tonnalyk-vagondy-tisimen-sjrep-rekord-ornatty-video/