RU

Өскеменде ер адамды трамвай қағып кетті

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Өскеменде трамвайдың қатысуымен болған жол апаты салдарынан бір адам қайтыс болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Трамвай 62 жастағы ер адамды басып кетті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 30 желтоқсанда сағат 15:30 шамасында Абай даңғылындағы "Старт" сауда үйі ауданында болды. 

Алдын ала хабарланған мәлімет бойынша, ер адам рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өткен. Ол жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болды. Полиция марқұмның кім екенін анықтады. Облыс орталығының 62 жастағы тұрғыны болып шықты.

Қазір полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізуде.

Еске салсақ, 18 желтоқсанда Шымкентте қайғылы оқиға орын алды. Екі жасар сәби пойыз астына түсті. Апат кезінде нәрестенің жанында анасы болғаны белгілі болды. Әйел екі жасар баламен бірге белгісіз жерде тұрған вагондардың астынан өтуге тырысқан. Нәтижесінде пойыз жүре бастаған. Баланы екі вагон басып өткен.

19 желтоқсан күні кешкі уақытта бағдаршамның жасыл түсі жанғанда жолдан өтпек болған қызды көлік қағып кетті. Қайғылы жағдай шамамен сағат 18:00-де Әуезов көшесінде болған. Құқық қорғаушылардың айтуынша, күдікті апат кезінде Әуезов көшесінен Иманов көшесіне қарай бұрылып жатқан. 19 жастағы астаналық ару оқиға орнында көз жұмды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891830-skemende-er-adamdy-tramvaj-kagyp-ketti/