jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Маңғыстау облысында оқу-жаттығудан соң аман қалған әскери қызметкердің жағдайы қандай

    аурухана
    Аурухана. Иллюстрациялық фото: skaman306/Getty Images

    Каспий теңізіндегі оқу-жаттығудан аман қалған әскери қызметкердің жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккен әскери қызметкерлердің бірі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілген.

    "Науқас дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Оған қажетті медициналық көмектің барлық түрі толық көлемде көрсетілуде. Әскери қызметкердің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады", - делінген хабарламада.

    Мамандар науқасты емдеуді және оның жағдайын бақылауды жалғастыруда.

    Жағдай Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

    Маңғыстаудағы әскери қызметшілердің қазасы

    Бүгін, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік міндеттерді орындау барысында ауа райы күрт нашарлап, желдің күшеюі салдарынан әскери қызметшілерді теңізге алып кеткен.

    Бастапқыда Қорғаныс министрлігі теңізге алып кеткен 19 әскери қызметшінің тоғызы қаза тапқанын хабарлады. Үш әскери қызметші құтқарылған, олардың біреуі ауруханаға жатқызылған.

    Бас прокуратура Ақтау гарнизонындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза табу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

    Сондай-ақ әскери қызметшілердің қаза болу себептерін тергеп-тексеру бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

    Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев Маңғыстау облысында төтенше жағдай болған жерден видео жариялады.

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына көңіл айтты.

    Артынша, мемлекет басшысы ертең, 25 қыркүйекті республика бойынша жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

    Соңғы дерек бойынша, қаза тапқан марқұмдар саны 12-ге жеткен. Сонымен бірге қайғылы жайт салдарынан қайтыс болғандардың есімі де жарияланды. Қазіргі таңда тағы екі әскери қызметші іздестіріліп жатыр.

    Маңғыстау облысында оқу-жаттығудан соң аман қалған әскери қызметкердің жағдайы қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram