RU

Ақтөбе облысында зираттан көне кітап табылды

Көне кітап
Фото: Хабар 24

Ақтөбе облысында бір жарым ғасырлық тарихы бар кітап табылды. Тасөткел ауылының тұрғыны зиратта жасырылған көне әдебиетті кездейсоқ тауып алған деп хабарлайды "Хабар 24".

Сарапшылардың пікірінше, кітап қожайыны саяси қуғын-сүргін кезеңіндегі қудалау салдарынан араб тіліндегі сирек басылымнан осылай құтылуға мәжбүр болған болуы мүмкін.

Сарапшылар жинақ төрт түрлі кітаптан тұрады деп санайды. Жақын арада құзыретті адамдар кітапты жан-жақты зерттеумен айналысатын болады. Осыдан кейін тарихи олжа "Руханият" мұражайынан құрметті орын алады.

"Кітаптар – шариғат заңдарының, фикх кітаптарының жиынтығы. Олар, әрине, біз үшін құнды, өйткені олар шамамен 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басында пайда болды. Мұра 1963 жылғы газетке оралған – бұл, әрине, кеңестік кезең. Оны жерге асығыс көмсе де, кітап осы күнге дейін сақталған. Атеизм дәуірінде адамдар мұндай кітаптарды үйде сақтаудан қорқатын", – деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің қор бөлімінің меңгерушісі Ләззат Нұркеева.

Еске салсақ, Ақмола облысы Бұланды ауданынан ерте замандағы жануардың сүйегі табылған болатын.

Ұзындығы бір метрден асатын сүйекті мамандар "мамонттікі" деп болжап отыр. Жалпы бұл жануардың қаңқасы осы аймақтан бұрын да табылған. Бірақ дәл осы Бұланды ауданының аумағынан бірінші рет кездесіп отыр екен.

Оған қоса, Семейде сауда орталығының құрылысы жүріп жатқан жерден бірнеше мың жылдық тарихы бар көне қорғандар табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1891842-aktbe-oblysynda-zirattan-kne-kitap-tabyldy/