Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде құрылыс жүріп жатқан жерден көне қорғандар табылды (фото)

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Видеодан кадр/Хабар24

Семейде сауда орталығының құрылысы жүріп жатқан жерден бірнеше мың жылдық тарихы бар көне қорғандар табылды деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Басылым мәліметінше, археологтар әзірге бұл ескерткіштер біздің заманымызға дейінгі ерте темір дәуіріне тиесілі деген болжам жасап отыр.

Ағаштан салынған қорғандардан бөлек қыш ыдыстардың қалдығы да табылған.

Айта кетейік, осыдан 30 жылдай уақыт бұрын бұл жерде дене шынықтыру сауықтыру кешені салына бастағанымен кейін тоқтап қалған. Ал жаңа сауда үйінің іргетасы 2 жылдан бері бой көтере бастады. Яғни бұл қорғандар бұған дейінгі құрылыс кезінде бүлінген бе, жоқ әлде кейін жойылды ма, ол жағы нақты белгісіз.

Қазіргі уақытта мамандар тиісті мекемелермен бірге осы құнды ескерткіштерді тереңірек зерттемек ниетте екенін білдірді.

"Осындай-осындай дүние таптық деп жұмысшылар хабарласты. Сол уақытта кездейсоқ табылған болатын бұл. Арнайы зерттеу жұмыстары жүргізілмеген. Соның нәтижесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қарасақ, 4 қорғанның ізі анық байқалады. Былай қимасынан 4 қорған. Оның 95 пайызы сүріліп кеткен.

Тек артқы қабырғалары қалған. Алдын ала шамамен болжам бойынша Есік қорғандары мен Берел қорғандарына ұқсастығына қарап, біздің заманымызға дейінгі 3, 4 ғасырлар болуы мүмкін деп болжап отырмыз әзірге. Бірақ нақты датасы, нақты мерзімін радиокарбондық анализ жасағаннан кейін айтамыз", - дейді археолог Айдын Жүнісханов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Атырау облысында жерленген ежелгі жауынгер табылғанын жазған едік.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында да алтын киіммен жерленген сармат көсемінің қорғаны табылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1882843-semejde-krylys-zrip-zatkan-zerden-kne-korgandar-tabyldy-foto/